Жыл сайын 17 млрд доллардың өнімін сырттан әкелеміз – Президент

710

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін маңызды салаларды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл сайын 17 млрд доллардың өнімін сырттан әкелеміз – Президент

Оның пікірінше, елде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және туризм саласындағы жобалар стратегиялық маңызға ие. 

Президент отандық экономиканы өркендетуге елеулі үлес қосып отырған машина жасау саласына арнайы тоқталды.  

"Дегенмен жыл сайын құны 17 млрд доллар болатын өнімді сырттан әкелеміз, ал отандық өндіріс 4,3 млрд доллардың өнімін өндіреді. Қазақстан Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мұнай-газ кеніштерін игеру үшін ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Chevron, Total, ExxonMobil сияқты компаниялардың қолдауымен бізде мұнай-газ машинасын жасау ісін дамытудың халықаралық орталығы құрылды. Біз мұнай-газ операторларымен бірлесіп, 35 мыңнан аса тауар түріне сараптама жүргіздік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркияда бизнес өкілдерінің басқосуында.

Мемлекет басшысы оның ішінде елімізде шығаруға болатын  тауарлар анықталғанын жеткізді.

"Қазақстан мұнай-газ саласы үшін құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жасауға ниетті. Бізде бұған қолайлы жағдай жасалған. Мұнай-газ саласындағы инвесторлар тарапынан сұраныс бар, олар қажетті қаржыны да ұсынып отыр, ал Түркияда озық технология және тың тәжірибе бар", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу