Жыл сайын 600 мың қызметкердің жалақысы 20% өседі – Тоқаев

1090

2022-2025 жылдары 600 мың қызметкердің жалақысы 20% өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жыл сайын 600 мың қызметкердің жалақысы 20% өседі – Тоқаев

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап 600 мыңнан аса педагог, дәрігер және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскенін атап өтті.

"Бірақ бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Олар мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қоқыс шығарушылар, көлік жүргізушілер және тағы басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20% өседі. Тұтастай алғанда 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу