Жыл сайын 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажет

997

Мақсатқа жету үшін өңірлік карта жасау керек. 

Жыл сайын 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажет

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. 

"Жұмыспен қамту мәселесі тек "Жұмыспен қамтудың жол картасы" немесе "Еңбек" бағдарламасына ғана емес, сонымен қатар жалпы экономикада жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты екенін атап өту маңызды. 2017 жылдан бастап экономикада 1 миллионнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Биыл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 264 мың жұмыс орны құрылды", – деді министр. 

Біржан Нұрымбетовтің баяндауынша, халықты жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешу үшін алдағы уақытта жыл сайын экономикада 600 мыңға жуық жұмыс орнын құру қажет болады. 

"Бұл үшін өңірлерді дамыту бағдарламаларының құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік бағдарламалардың барлық жобалары мен ірі, жеке инвестициялық жобаларды ескере келе, жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасын жасау қажеттілігі туындайды. Бұл өз кезегінде барлық мемлекеттік бағдарламадағы жұмыс орындарының көрсеткішін жаңғырту және олардың әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруды талап етеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу