Жыл сайын 90-ға жуық адам саудасының құрбаны анықталады

1202

"Жаңа туған балаларды басқа адамдарға беруге байланысты заңсыз әрекеттер болған".

Жыл сайын 90-ға жуық адам саудасының құрбаны анықталады

Биыл алғашқы тоғыз айда адам саудасы бойынша 200 қылмыстық іс болып, 136-сы тіркеуге алынды. Тіркеуге алынған фактінің 40%-ы (78-і) сотқа жолданды, қалғандары бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сот нәтиежесі бойынша, 26 адамға қатысты әртүрлі жаза тағайындалып, айыптау үкімдері шығарылған.

"Кейінгі үш жылда жыл сайын адам саудасының 90-ға дейін құрбаны анықталады, оның ішінде 20-ға жуығы еңбекті қанаудың құрбандары. Биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтары бар 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар кейінгі бес жылда Бахрейндегі жыныстық қанау, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасымен айналысқан. Зардап шеккендердің жалпы саны 39 азаматты құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр", – деді Әділов.

ІІМ өкілі жаңа туған балаларды басқа адамдарға беруге байланысты заңсыз әрекеттер болғанын айтты. 

"Биыл шілдеде өзара келісіп, жаңа туған нәрестені беру туралы мәмілені заңсыз орындаған екі отбасына (бір отбасы бала тууға қабілетті, екіншісіне бедеулік диагнозы қойылған) қатысты Шымкент соты айыптау үкімін шығарды. Босанған әйел туу туралы куәлігінде биологиялық әкесінің емес, сатып алушының деректерін көрсеткен. Кейін ол нотариуста баладан бас тартуды ресімдеген. Бұл іс бойынша барлық адамдар әр түрлі жазаға тартылды", – деді Әділов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу