Жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге жуық қылмыс тіркеледі

150

Қазақстан Республикасы — 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы. 

Жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге жуық қылмыс тіркеледі Фото: gov.kz

Оның 13-і құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты, дер жазады Inbusiness.kz сайты. 

Заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның 2020 - 2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасындағы басымдықтардың қатарында көрсетілген.

"Адам саудасы проблемалары әлемнің барлық елдеріне тән. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша елімізде жыл сайын адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Ұйымдасқан топтардың, оның ішінде адам саудасының құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі", — деді сенатор Қайрат Тастекеев.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы — 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушысы, оның 13-і құлдықтың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты, олардың қатарында:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының адам саудасына және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясы;
  • Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама.
  • Халықаралық конвенциялардың көптеген ережелері ұлттық заңнамаға енгізілген.

"Бүгінгі таңда адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды, адам саудасына қарсы бірыңғай іс-қимыл жүйесін айқындайтын, онымен күресудің тиімді тетіктерін көздейтін дербес заңның және жауапкершілікті күшейтетін ілеспе заңдардың қажеттілігі туындады", — деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу