"Жыл сайын айыптайды": Баян Мақсатқызы "Қазақ аруы" байқауына қатысты пікір білдірді

583

Медиа маман дауыс әділ саналмады деген пікірді жоққа шығарды. 

"Жыл сайын айыптайды": Баян Мақсатқызы "Қазақ аруы" байқауына қатысты пікір білдірді Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы” байқауы әділ өтпеді деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Байқау біткеннен кейін түсінбеушілікке тап болдық. Адамдар әділ өтпеді, дауыс беру боты жұмыс істемеді деп жатыр. Дауыс берушілер саны өте көп болды. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі әділ өткені жайлы дәлел бар. Байқау өткен залда интернет дұрыс істемеді. Ондағы халық, яғни 700 адам дауыс бере алмады. Бірақ қалған 65 мың адам дауыс берді", – деп түсіндірді продюсер. 

Сондай-ақ арулар төңірегіндегі байқаудың арты үнемі дауға ұласатынын да жасырмады. 

“Осындай шараға қыруар ақша жұмсап, жеңісті біреуге алып беру бізге қызық емес. Ондаймен айналыспаймыз. Жеңімпаздарды сөкпейді. Адамдар неше түрлі пікір айтады. Байқаудың әділ өтпеуі бойынша жыл сайын маған айып тағылады. Бізде барлық дәлел, хаттама бар", – деді Алагөзова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу