Жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам темекіден қайтыс болады

1162

31 мамырда еліміздің 10 қаласында темекіге қарсы көрме өтеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.  

Жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам темекіден қайтыс болады

Жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы ресми түрде жариялаған Дүниежүзілік темекісіз күн атап өтіледі.

"Темекі эпидемиясы-халықтың денсаулығына елеулі қауіптердің бірі. Жыл сайын одан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Олардың 7 миллионнан астамы тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылар, ал 1,2 миллионнан астамы –  темекі түтінінің әсеріне ұшыраған темекі шекпейтіндер",- деген дерек келтіреді орталықтың баспасөз қызметі.

Бұл күн темкінің осындай зиян екеніне барлық елдердің назарын аудару үшін атап өтіледі.

Темекі шегу терінің, тырнақтың, шаштың жағдайын нашарлатады, тісті бұзады. Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт сияқты аурулардың пайда болуына әсер етеді. 

31 мамырда Қазақстан бойынша Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Жезқазған, Орал -10 қалада "Темекі туралы барлық шындық" интерактивті көрмесі өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу