Жыл сайын әскерге шақырылатындардың саны артып келеді

225

Биыл 42 мың адам әскери борышын өтеуге шақырылды. 

Жыл сайын әскерге шақырылатындардың саны артып келеді Фото: astanatv.kz

Үкіметтің мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 42098 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек - желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді ұйымдастырсын", – делінген қаулыда.

2024 жылы әскерге 40 мың адам шақырылса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 37 мың адам болған.

Елімізде мерзімді әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы ер адамдар шақырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу