Жыл сайын Астана халқы 50-60 мың адамға көбейеді – қала әкімі

575

Күн сайын қалаға облыстың 200 мыңға жуық тұрғыны кіреді. 

Жыл сайын Астана халқы 50-60 мың адамға көбейеді – қала әкімі Фото: Inbusiness.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Астана агломерациясын дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл сайын елорда халқы 50-60 мың адамға көбейеді. Сонымен қатар күн сайын қалаға облыстың 200 мыңға жуық тұрғыны және 30 мыңнан астам автомобиль кіреді. Көші-қон ағындарын реттеу үшін және жол желісіне жүктемені азайту үшін, бас жоспарда елордаға барлық радиалды кіреберістерде көлік-реттеу пункттарын орналастыру көзделген. Қазіргі уақытта елорданың қала маңындағы аймақтарына 26 маршрут қызмет көрсетеді", - деді елорда әкімі.

Сөзінше, агломерацияға кіретін аудандарды синхронды дамыту бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр.

Елорда мектептері мен колледждерінде Астана агломерациясының жақын маңдағы елді мекендерінен 10 мыңнан астам бала оқиды.

"Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін облыспен шектесетін тұрғын алаптарда осы жылы 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның екеуі "Жайлы мектеп" жобасы аясында. Әрқайсысы 2000 орынға арналған Көктал және Үркер тұрғын алаптарында. Статистикаға сәйкес, қалалық стационарлардағы орындардың 17 пайыздан астамын басқа өңірлерден келген науқастар пайдаланады. Біз қосымша денсаулық сақтау нысандарына қажеттілік бар екенін көріп отырмыз", - деп жалғастырды шаһар басшысы.

Жеңіс Қасымбек 2 перинаталдық орталықтың құрылысын осы жылдың соңына дейін бастау жоспарланып отыр. Үшінші көпсалалы аурухана бойынша жобалау жұмыстары биыл аяқталып, 2025 жылы құрылыс басталуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу