Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының отбасын жоспарлау бойынша маманы Сауле Ибраева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жыл сайын дүние жүзінде пневмококк ауруынан 1 млн-нан астам бала көз жұмады. Вакцинация аурушаңдық деңгейін бақылаудың жалғыз тиімді әдісі ретінде танылып отыр. Қазіргі таңда елімізде Ұлттық екпе күнтізбесі аясында 20 жұқпалы ауруға қарсы иммундау жүргізілуде", – деп атап өтті маман.
Бұл ретте ол жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды.
"Қазақстанда жыл сайын 14 жасқа дейінгі балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі, оның 1,2%-ы мүгедектікке әкеледі1", деді Сәуле Ибраева.