Жыл сайын елімізде 400-ден астам бала жоғалады

784

Ата-аналарды балаларын қоғамдық көлікте жалғыз жібергенде ұқыптылық танытуға шақырды.  

 Жыл сайын елімізде 400-ден астам бала жоғалады Фото: Максим Морозов

City Transportation Systems компаниясы (бұрынғы "Астана LRT") баланы автобуспен жалғыз жіберу керек болса, қалай әрекет ету керектігі бойынша нұсқаулық берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Балаға сапар бағдарын және нақты баратын жерін алдын ала түсіндіру керек. Туысының телефон нөмірін жаттап алғаны жөн, егер телефон қуаты таусылып қалса қажет болады. Көмек керек болған жағдайда, жүргізушіге немесе көліктік бақылау департаментінің қызметкерлеріне жүгіну керек екендігін түсінідіріп беріңіз. Олар міндетті түрде көмектеседі!", – деп жазылған CTS компаниясының хабарламасында.

Көлік компаниясының мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда 420 шақты бала жоғалады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу