Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады

921

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қатты тұрмыс қалдық шығарылады. Бірақ оның аз бөлігі ғана өңделеді. Бұл туралы Қазақстан экологиялық ұйымдарының менеджері Дамир Ауетаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тонна қоқыс шығарылады

"Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі өте өзекті. Мысалы, әрбір қазақстандық жыл сайын 280-330 мың келі қалдық қалдырады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі қалалардағы полигондарда, қоқыс алаңдарында жиналады. Олардың 97%-ы Қоршаған ортаны қорғау заңының талаптарына сай келмейді. Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Бірақ оның бөлігі ғана қайта өңделеді", – деді Дамир Ауетаев StopMusor эко-кампаниясы аясында өткен іс-шарада.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау орындары көп ашылған өңір – Қарағанды облысы. Дамир Ауетаев мұндай орындар елімізде көп ашылуы керек деген пікірде.

"Әлемде қоқысты өңдеу бойынша көшбасында Германия тұр. Бұл елде жылына 47,7 млн қоқыс шығарылады, ал қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі – 66%", – деді менеджер.

Айта кетейік, StopMusor эко-кампаниясы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату, сондай-ақ World clean up day дүниежүзілік акциясы аясында еріктілерді даярлау үшін ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу