Жыл сайын көмір кендерінде 200-ге жуық адам көз жұмады екен

750

Жыл сайын көмір кендерінде 200-ге жуық адам көз жұмады екен

Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы көмір кенінің бірінде жарылыс болып, 18 адам қаза тапты. Тағы 10-ға жуық кенші жер астында қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Кветта округінің Марваарх ауданында болды. Кенде метан газы жарылған. Қазір апат орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Спин Каверз" ауданындағы кенде де жарылыс болған. Бірақ бұл жерде қанша адамның опат болғаны әзірге белгісіз.

Ал сарапшылардың айтуынша, Пәкістанның көмір кендеріндегі қауіпсіздік шаралары жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген. Сондықтан мұндай қайғылы оқиғалар жиі орын алады.

Ресми дерекке қарағанда, жыл сайын көмір кендерінде түрлі жағдайда 200-ге жуық адам көз жұмады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу