Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты.
“Дәрігер ретіндегі ұстанымым әрі денсаулық сақтау министрлігі де темекі шегуге, әсіресе вейптерге мүлдем қарсы. Елімізде вейптерге тыйым салынады деп сенеміз. Темекі шегу өлімге әкелетін у екенін айту керек”, - деді спикер.
Орташа алғанда түтінге құмартқандар темекі шекпейтіндерге қарағанда 8 жылға аз өмір сүреді, деп атап өтті ол.
“Темекі шегушілердің әйелдері орта есеппен екі жылға аз өмір сүреді, себебі олар пассивті темекі шегушілер бодып есептелінеді. Ал егер отбасында біреу темекі шексе, онда 50% жағдайда балалар созылмалы және спецификалық емес өкпе ауруларына шалдығады. Статистика бойынша сырқаттанушылық тізімінде өкпенің қатерлі ісігі екінші орында тұр. Республикада жыл сайын осы диагнозбен орта есеппен 3,5-4 мың науқасты есепке аламыз”, - деп түйіндеді ведомство өкілі.