Жыл сайын онкологиялық аурулардан 13 мың қазақстандық қайтыс болады

229

Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте анықтау деңгейі өте төмен. 

Жыл сайын онкологиялық аурулардан 13 мың қазақстандық қайтыс болады Фото: Elitar.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде жаман аурудан жыл сайын 13 мың қазақстандық қайтыс болады. Асқынған үшінші, төртінші стадияда анықталатын науқастар саны өте көп. Өкінішке қарай, ауруды ерте анықтау деңгейі өте төмен болып тұр. Онкологиямен ауыратындардың қатары жасарып келеді. Қазір негізі басым көпшілігі жастар деп айтуға болады. Өте жас балалар, жас азаматтар ауырып, олардың саны күннен күнге өсіп жатыр. 2023 жылы онкологиямен ауыру көрсеткіші өсті", - деді депутат "Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбындағы көшпелі отырыста.

Сөзінше, салада қолданылатын медициналық құрал-жабдықтардың дені ескірген.

"Сәулемен емдеу құрылғылары ескірген. Маммографтар, цифрлы тиісті басқа да құрылғылардың барлығы да ескірген. Мысалы, ПЭТ КТ-лар бойынша жеткіліксіз. Эндоскоптардың 48 пайызы, маммографтардың 40 пайызы ескірген. (Ауруды) ерте анықтау туралы қандай сөз қозғауға болады?", - деді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу