Жыл сайын отандық акушерлер 400 мың жүкті әйелге көмек көрсетеді

610

5 мамыр – дүниежүзілік акушерлер күні. 

Жыл сайын отандық акушерлер 400 мың жүкті әйелге көмек көрсетеді Фото: gurk.kz

Жыл сайын қазақстандық акушерлер 400 мыңға дейін әйелдерді босандырады, деп жазады inbusiness.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1987 жылы Халықаралық акушерлер қауымдастығы акушерлер күнін атап өту идеясын Нидерландыда өткен конференцияда ұсынды. Бұл күн ресми мереке мәртебесіне 1992 жылы ие болды.

Ведомствоның  ақпаратына сәйкес, елімізде 241 босандыру ұйымы бар. Оның ішінде 144 аудандық орталық аурухана, 58 перзентхана, 37 перинаталдық орталық, 2 республикалық клиника жұмыс істейді.

Амбулаториялық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмекті 810 әйел консультациясы көрсетеді. Бұдан бөлек 1 282 дәрігерлік амбулатория мен 790 фельдшерлік-акушерлік пункт те бар.

Медициналық ұйымдарда барлығы 7 415 акушер еңбек етеді. Олардың дені қалаларда жұмыс істейді (4 708 маман). Ал, ауылдық жерлерде 2 707 акушер бар. Фельдшерлік-акушерлік пункттерде 600-ден астам акушер еңбек етеді.

Перзентханаларда жұмыс істейтін 3 740 акушер жыл сайын 400 мыңнан астам босануды қабылдайды. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда 3 675 акушер бар.

Соңғы жылдары елімізде бала туу көрсеткішінің артқаны байқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу