Жыл сайын полицияға кәмелеттік жасқа толмаған 100 мың бала жеткізіледі

963

Былтыр 65 мыңнан аса ата-ана балалары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Жыл сайын полицияға кәмелеттік жасқа толмаған 100 мың бала жеткізіледі

"Соңғы 7 жылдан бері жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді. 2013-2019 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 64%-ға азайды. Өткен жылы да аталған статистика үштен бірге төмендеді. Мәселен, жасөспірімдер арасында ұрлық 39%-ға, тонау 54%-ға, қарақшылық 79%-ға, бұзақылық 25%-ға кеміді", – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. 

Алексей Милюктің айтуынша жасөспірімдердің заң бұзушылықтарға баруының негізгі себебі –ата-аналар тарапынан тиісті деңгейді бақылаудың болмауы. 

"Жыл сайын ішкі істер органдарына 100 мыңға дейін кәмелеттік жасқа толмаған бала жеткізіледі. Олардың басым бөлігі түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында жүргендер. Сондықтан 2020 жылы 65 мыңнан аса ата-ана балаларының осындай әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу