Жыл сайын темір жолда 100-ден астам қайғылы жағдай орын алуда

918

Жолдағы қайғылы жағдай азаматтардың рұқсат етілмеген орындардан өтуінен, ұқыпсыздығынан болып жатады

Жыл сайын темір жолда 100-ден астам қайғылы жағдай орын алуда

Жазғы демалыс қарсаңында теміржолшылар Нұр – Сұлтан қаласының темір жолдарға жақын маңдағы мектептерде қауіпсіздік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Нұр – Сұлтан вокзалы мен локомотив пайдалану депосының өкілдері балаларға темір жолда болу ережесінің негізгі ережелері туралы айтып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізіп, балалардың жазғы маусымда жиі бұзатын ережелері туралы тұщымды жеткізуге тырысты.

"Жолдардағы басулар азаматтардың рұқсат етілмеген орындардан өтуінен, ұқыпсыздығынан болып жатады. Жастар құлаққаппен музыка тындайтындықтан немесе ұялы телефон бойынша сөйлесетіндіктен, машинист берген дабылды, локомотив дыбысын естімейді. 6 мың тонналық жүк құрамын бір мезетте тоқтатуға болмайтындығын қаперде ұстау керек. Пойыздың тежелу жолы минимум 1000 метр құрайтындықтан, жарақат алу тәуекелі өте жоғары", - деді машинист.

Статистика бойынша жыл сайын темір жолда 100 астам қайғылы жағдай орын алуда.

"Темір жол техниканың көптігімен өзіне тартады: вагондар, локомотивтер. Балалар вагондардың үстіне қызықтау үшін шығады да оның салдарын ойлай бермейді. Жазғы демалыс кезінде балаларға ата-аналары мен мұғалімдер тарапынан ерекше бақылау керек", деп атап көрсетті Нұр – Сұлтан станциясының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманы Маржан Айтмағанбетова.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуы қайталануының алдын алу жөніндегі бірқатар іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу