Министр қайғылы оқиғаға автокөлік басқару мәдениетінің төмендігі түрткі болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Автожолдардағы өлім-жітімді азайту мақсатында министрлік 40 трассалық медициналық-құтқару пунктін іске қосады. Осы жерде жол-көлік оқиғасына ұшыраған азаматтарға шұғыл көмек көрсетіледі. Бригада құтқарушылар мен дәрігерлерден құралады", – деді Юрий Ильин.
Министрдің сөзінше, былтыр жол-көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың көрсеткіші – 36%-ға, зардап шеккендер саны – 27% -ға азайды.
"Биыл жол-көлік оқиғасына тап болған 382 адам құтқарылды. Болашақта а Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарындағы автожолдарының қауіпті аймақтарында 4 медициналық пункт ашылады", – деді Юрий Ильин.
Қанат Махамбет