Жыл соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан тексерістен өтеді

190

Былтыр 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстары жүргізілген.  

Жыл соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан тексерістен өтеді Фото: gov.kz

Қазақстанда 134 гидротехникалық құрылыс көпфакторлы тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі. Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.

"Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу