Жыл соңына дейін 130-дан астам гидротехникалық нысан тексеріледі

197

Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр.

Жыл соңына дейін 130-дан астам гидротехникалық нысан тексеріледі Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік бермек.

Былтыр министрлік 14 облыстағы 84 нысанға көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген.

"Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет", – деген Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу