Жыл соңына дейін 30 мың көлік шығарылады – министр

1007

4 айда машина жасау өндірісінің көлемі 20%-ға артқан. 

Жыл соңына дейін 30 мың көлік шығарылады – министр

Жыл соңына дейін Қазақстанда 30 мың көлік құрастырылып шығарылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 4 айда машина жасау өндірісінің көлемі 20%-ға артқан. Негізгі өсім автомобиль жасау есебінен болған (25,4%). 

"Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 7 мыңнан аса жеңіл көлік өндірді, өндіріс көлемі 18 есе артты. Жыл соңына дейін кәсіпорын 30 мың автомобиль құрастырып шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 6 мыңнан аса көлік экспортқа жіберіледі", - деді министр ОКҚ-де өтіп жатқан халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ Бейбіт Атамқұлов теміржол техникасы өндірісінде 49% өсім болғанын атап өтті.

"Өсім "ЗИКСТО" АҚ және "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС-ны іске қосу есебінен жүргізілді. Бұрын бұл компаниялардың жұмысы тоқтап тұрды. Машина жасау саласының тағы бір драйвері – ауыл шаруашылығы техникасын өндіру. Трактор, комбайн өндіру 42%-ға артты", - деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу