Жыл соңына дейін 600 млрд теңге игеріледі

824

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі  банктерге құны 1,1 тлрн теңгені құрайтын 1 472 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 874 азаматқа 607,3 млрд теңге қарыз берілді. 

Жыл соңына дейін 600 млрд теңге игеріледі Фото: primeminister.kz

Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі. 

Ұлттық банк басшысы "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламасы бойынша рәсімделген қарыз туралы да сөз қозғады. 

"7-20-25" бағдарламасы аясында 2021 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша 681,3 млрд теңгеге 56 994 өтінім қабылданып, оның ішінде 308,8 млрд теңгеге 26 010 қарыз берілді. Ал "Баспана хит" ипотекалық бағдарламасы аясында 8 сәуірдегі жағдай бойынша 1,1 тлрн теңгеге 119 103 өтінім келіп түсті. Қорытындысында құны 451,3 млрд теңгені құрайтын 50 109 қарыз рәсімделді. Бағдарламаны қаржыландыруды 600 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды ескере отырып, оның игерілуін 2021 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр", – деді Ерболат Досаев

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу