Жыл соңына дейін 87 энергетика нысаны іске қосылады

1696

Жаңартылатын энергия секторына 406 млрд теңге тартылды.  

Жыл соңына дейін 87 энергетика нысаны іске қосылады

Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы жасыл энергетика секторында әлемнің 10 елінен келген инвесторлар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Қазақстан даму банкі сияқты ірі қаржы ұйымдары баламалы қуат көзіне қатысты жобаларға қызығушылық танытып отыр. Шелл, Эни, Тоталь сияқты ірі мұнай компаниялары жасыл энергияға қаржы құюға ниет білдірді", – деді министр.

Оның сөзінше, өңірлерде жаңартылатын энергия көздері нысандарын орналастырған кезде ресурстық әлеует және электр қуатына деген қажеттілік ескеріледі.

"Жаңартылатын энергия секторына шамамен 406 млрд теңге тартылды. Салынған нысандардан болашақта шамамен 81 млрд теңге салық түседі", – деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің мәлімдеунше, жыл соңында елімізде қуаты 1042 МВтты құрайтын.

"Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында жаңартылатын энергетика үлесін 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу көзделген. Ал 2050 жылға қарай тұтынылатын энергияның кем дегенде жартысы баламалы энергия көздерінің үлесінде болуға ", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу