Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады, деп жазады inbusiness.kz.
Министр халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап "open sky" режимі енгізілгенін еске салды.
"Нәтижесінде жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылып жатыр. Бүгінде 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары. Биыл 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның тоғызы ашылды", - деді ол.
Марат Қарабаевтың сөзінше, келесі бағыттағы маршруттар жаңартылды:
- Астана – Пекин ("Эйр Астана"),
- Алматы – Самарқанд ("Fly Arystan"),
- Астана – Баку ("AZAL"),
- Астана – Үрімші, Алматы – Сиань ("China Southern Airlines").
- Бұдан бөлек Алматы – Шарм-эль-Шейх ("Air Cairo"),
- Астана – Шарм-эль-Шейх ("Air Cairo"-2, "Red Sea"-2),
- Астана – Сиань – Пекин ("Air China"),
- Шымкент – Дели ("Fly Arystan") маршруттары ашылды.
"Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашуды жоспарлап отырмыз", - деді ведомство басшысы.