"Жыл соңына дейін әлем халқының 40%-ын вакцинациялау керек"

739

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерінің халқын жыл соңына дейін 40% коронавирусқа қарсы вакцинациялауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Интерфаксқа сілтеп.

"Жыл соңына дейін әлем халқының 40%-ын вакцинациялау керек"

"Барлық ел, әсіресе жауапкершілік әлеуеті бар елдер алдағы күндері үлкен жетістіктерге жету үшін нақты шаралар қабылдауы керек", – деді ол журналистерге.

Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсаты. Гутерриштің айтуынша, қазір 40%-ға жетпеген 98 ел бар. Оның ішінде 40 елдегі көрсеткіш 10%-ға да жетпеген.

ДДСҰ келесі жылы әлем халқының 70%-ы вакцинациялануын мақсат етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу