Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлім етті.
"Шаһар басшысы мұрындық болған #JasylAlmaty науқанының аясында көктемде 8 мың түп ағаш, 110 мың шаршы метр гүл отырғызылды. Күзде тағы 250 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. Оның 8 мыңы қықан жапырақтылар. Осылайша әсем қала Алматының 452,6 гектар аумағы көгалдандырылады", – деді спикер.
Бұл ретте жасыл желек географиялық және климаттық жағдайға байланысты отырғызылады. Сондай-ақ, мұнда "шетсіз" қала қағидасы негізге алынбақ.
"Алайтау ауданында 176,7 мың, Түрксіб ауданында 40 мың, Наурызбай ауданында 5,5 мың көшет өз орнын табады. Басымшылық терек, үйеңкі, талшын ағаштары мен алма, шие, өрік сынды жеміс ағаштарына берілмек", – деді басқарма басшысы.
Құралай Құдайберген