2018 жылы Алматы индустиралдық аймағында (АИА) машина жасау, құрылыс, фармацевтика азық-түлік және химиялық өнеркәсіп саласындағы 12 жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы kursiv.kz жазып отыр.
"2018 жылы Алматы индустиралдық аймағында (АИА)12 жаңа кәсіпорын іске қосыладыдеп жоспарланып отыр. Жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, азық-түлік және химиялық өнеркәсіп саласына қатысты болмақ. Осылайша, қалада скотч, тоңазытылған қамыр, кабель, медициналық өнімдер, полимерлік өнім шығарылатын болады. Бұған қоса өнеркәсіптік аймақта салынып жатқан көкөніс өсіру жылыжай кешені, сондай-ақ табиғи тасты өңдеу зауытының құрылысы аяқталады", – деп мәлім етті "Алматы индустриалдық аймақ" ЖШС директоры Әділ Бөрлібаев.