Жыл соңына дейін Алматының өнеркәсіп паркінде 6 жаңа кәсіпорын ашылады

685

Жоба "Almaty Business 2025" бағдарламасы аясында жүзеге асуда.  

 Жыл соңына дейін Алматының өнеркәсіп паркінде 6 жаңа кәсіпорын ашылады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, тоқтап тұрған кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында "Almaty Finance" ЖШС қолдауымен Наурызбай ауданында өнеркәсіптік саябақ ашылған.

"Бірінші өнеркәсіптік саябақ Наурызбай ауданының аумағында ашылғаны қуантады. Бұл "Almaty Business 2025" бағдарламасы аясында жүзеге асты. Осы учаскеде  3000 шаршы метр жаңа өндірістік ғимараттар салынды. Қазір мұнда 5 өндіріс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы 6 жаңа өндіріс ашылады деп күтілуде", — деді Бағлан Дәндібаев.

Бүгінде промпарк аумағында кеңсе органайзерлерін өндіру, былғары бұйымдарын, жиһаз, оның ішінде медициналық мекемелерге арналған жиһаз дайындау бойынша нысандар жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу