Жыл соңына дейін Астанада 200 жылы аялдама орнатылады. Бір аялдаманы орнатуды 12 млн теңгеге түседі. Аялдама суық мезгіл үшін жылу жүйесімен, жаз үшін желдеткішпен, сондай-ақ вай-файмен жабдықталған. Бұл жайлы Елордада өтіп жатқан Халықаралық сәулетшілер конгресінде белгілі болды, деп хабарлайды Atameken TV.
Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Швейцария, Сербиядан сәулет өнерінің шеберлері шақырылған бұл жиында меймандар Астананың келбетіне баға беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ "Астана Innovations" жариялаған "Ақылды аудан" байқауының жеңімпаздары марапатталды.
"Ақылды аудан жобасы 3 бағытты қамтиды. Біріншісі смарт технологияар, екіншісі урбанистикалық шешімдер, үшіншісі жасыл шешімдер. 03.00. жеңімпаздарға берілетін сыйақы бар. Бірінші орын 1,5 млн. Осы қаражатты қолданып, жобаларын қолданатын болады", - дейді "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.