Жыл соңына дейін бизнесті реттейтін заң қабылданады

795

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі екі жылда бизнесті тексерулер саны қысқарғанын айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Жыл соңына дейін бизнесті реттейтін заң қабылданады

Айта кетейік, Мемлекет басшысы "Алтын сапа" сыйлығының жеңімпаздарын онлайн құттықтап, сөз сөйлеген болатын.

"Өнеркәсіп саясаты туралы" заңның қабылдануы – бизнесті мемлекет тарапынан қолдау шеңберіндегі елеулі оқиға болмақ. Бұл заң маңызды міндеттердің бірі саналатын индустрияландыруды, отандық өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Заң жобасы жоғарғы және орта қайта бөліністегі тауарлар өндірісін ынталандыруға бағытталған", – деді Тоқаев. 

Оның айтуынша, екінші жыл қатарынан шағын бизнесті тексеруге мораторий қолданылып келеді. Нәтижесінде тексерулер саны төрт есе қысқарған. 

"Өзекті емес және артық реттеушілік талаптарды қысқарта отырып, бизнесті ақылды реттеуді енгізуге мүмкіндік беретін заңнамалық база әзірленді. Тиісті заң жыл соңына дейін қабылданады", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу