Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысы елімізде 800 мектеп салынуы керек деген тапсырма берген. Кейін Жолдауында олардың санын 1 000-ға жеткізуді тапсырды. Қазір бұл тапсырма жүзеге асырылып, ел өңірлерінде білім ордаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін кемінде 200 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Келесі жылы да 200 нысан салынады. Осылайша, 2025 жыл дейін өңірлер, қалалар мен ауылдарда 1000 білім ордасы бой көтереді. Оның нақты жоспары бар. Мұның барлығы жол картасы аясында жүзеге асырырылады", – деді министр.
Министрдің айтуынша бұрын барлығы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге ықпал етеді.
Құралай Құдайберген