Ол Қазақстан 2022 жылдың соңына қарай құрлықтағы және теңіздегі күрделі мұнай-газ жобалары үшін фискалдық және нормативтік преференцияларды қарастыратын жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінде біз заңнамалық базаны жетілдіреміз, жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту үшін жайлы жағдай жасаймыз. Биылғы жылдың соңына дейін құрлықтағы және теңіздегі күрделі мұнай-газ жобаларына фискалдық және нормативтік преференцияларды қарастыратын жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізіледі", – деді Смайылов.
Сонымен қатар ол мұнай мен газды терең өңдеу әлемдік энергетика саласын одан әрі дамытудың басым бағыттарының біріне айналып отырғанын атап өтті.
Премьер-Министр Қазақстанда мұнай-химия саласында перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға жағдай жасалғанын атап өтті.
"Әңгіме Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақ аясында преференцияларды мемлекеттік қолдаудың елеулі шаралары туралы болып отыр. Каспий маңы елдерінің осы саладағы тәжірибесін ескере отырып, біз сіздерді мұнай-химия жобаларын іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз", – деді Смайылов.