Жыл соңына дейін еліміздегі темір жолдарда астық тасымалдаушыларға жеңілдік жасалмақ

538

Қазіргі таңда елімізде астық тасымалдайтын 10,5 мың данадан аса вагон бар, олардың үш мыңнан астамы шетелдік тасымалдаушыларға тиесілі.

Жыл соңына дейін еліміздегі темір жолдарда астық тасымалдаушыларға жеңілдік жасалмақ Фото: inform.kz

Астық тасымалдайтын вагондардың темір жолдарда тұрып қалғаны үшін ендігі жерде айыппұл салынбайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру кезінде вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz KazTag агенттігіне сілтеме жасап.

"Экспорттаушыларды қолдау мақсатында "Қазақстан темір жолы" АҚ Ұлттық компаниясы маневрлық және магистралды локомотивтердің уақытылы берілмеуіне байланысты астық тасымалдау барысында вагондардың жолда тұрып қалғаны үшін айыппұл салмау туралы шешім қабылдады", - деді Роман Скляр

Оның сөзінше қазіргі таңда елімізде 10,5 мың астық тасымалдайтын вагон бар. Оның ішінде "Астық транс" АҚ – 4750, өзге меншік иелерінде – 2700, шетелдік 3050 дана вагон бар. Вице-премьердің сөзінше бұл парк - астық экспорттаушылардың қажеттілігін толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Роман Склярдың дерегінше егіс жинау науқанына "Қазақстан темір жолы" тарапынан 130 маневрлық локомотив және 767 дана жеке локомотив тартылған. Бұған қоса, бұл жұмыстарға поезд қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жекелеген операторды тарту көзделіп отыр.

Вице-премьер сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" компаниясының аймақтық филиалдарында вагондарды уақтылы қабылдау мен рәсімдеу үшін Қостанай және Ақмола облыстарында вагондардың қозғалысы мен жөнелту бағыттарын ұйымдастыру мәселелері жөнінде шұғыл астық топтары құрылды. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

Бұған дейін inbusiness.kz сайты қазақстандық астық экспорттаушылары вагондардың жоқтығынан шетелдік серіктестері алдында міндеттемелерін орындай алмай отырғаны туралы жазған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу