Жыл соңына дейін елімізге шетелден 24 млрд доллар инвестиция тартылады деп күтіліп отыр

617

Ал биылғы алғашқы жарты жылдықта экономикаға 14,5 млрд доллар шетелдік инвестиция салынды. 

Жыл соңына дейін елімізге шетелден 24 млрд доллар инвестиция тартылады деп күтіліп отыр Фото: stan.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның дерегінше, өткен жылы елімізге 23,7 миллиард доллар инвестиция тартылған.

 "Қолымыздағы мәліметке сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында тартылған тікелей инвестиция көлемі – 14,5 млрд АҚШ доллар. Өткен жылмен салыстырғанда 28 пайыз өсім бар. Бұл геосаяси жағдайға, қаңтар оқиғасына қарамастан, инвесторлар республикамызға қатысты оң үрдісті сақтап отырғанын көрсетеді. Инвестиция ағыны 28 пайызға өсті және жыл қорытындысында жоспарлаған 24 млрд АҚШ долларын тарта аламыз деп үміттенеміз", - деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша, 2005-2010 жылдар тікелей шетелдік инвестицияның 70%-ы мұнай-газ саласына салынған болатын.

"Ал соңғы үш жылды алсақ, трендтің өзгергенін көріп отырмыз және мұнай-газ саласындағы инвестиция үлесі - небәрі 45 пайыз. Біз үшін басым мәнге ие салалар - сауда, ақпарат, байланыс, өңдеу секторында инвестиция өсіп келеді", - деді спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу