Жыл соңына дейін геологиялық зерттеуге 4 миллиард теңге инвестиция салынады

841

Жыл соңына дейін геологиялық зерттеуге 4 миллиард теңге инвестиция салынады

Жыл соңына дейін елімізде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс қабылданып, келер жазда толық күшіне енеді. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаевтың айтуынша, жаңа құжат пайдалы қазбаларды анықтау мен өндіру үшін лицензия алуды жеңілдетеді, деп хабарлайды 24.kz.
"Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай екені бәрімізге белгілі. Экономикада пайдаланылатын Менделеев таблицасының барлығы пайдаланбайды. Жаңа ғана айтып кеттік, негізгі пайдалы қазбалардың түрі ол бағалы металлдар тек, оның қатарында алтын, мыс, түсті металлдар. Оның қатарында мыс, қорғасын, мырыш", - дейді ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев.  
Ал "Қазгеология" компаниясы барлаудағы басымдықты табиғатта сирек кездесетін металдарға беріп отыр. Оған иттрий және итербий секілді элементтерді жатқызуға болады. Аталған пайдалы қазбалар бүгінде еліміздің 16 кен орнында барланып жатыр. Жұмыстар аяқталысымен геологиялық учаскелердің жарамдылығына баға беріліп, арнайы бағдарлама жасақталады. Осы мақсатта Жапония мен Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялары қолданылады. 
Айта кетейік, бүгінде бұл бағытта барлығы 39 инвестициялық жоба бар. Жыл соңына дейін геологиялық зерттеу жұмыстарына 4 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция құйылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу