Жыл соңына дейін қазақстандықтар елге 11,5 мың электромобиль әкеле алады

302

Бүгінгі күнге дейін 3442 электромобиль әкелінді.

Жыл соңына дейін қазақстандықтар елге 11,5 мың электромобиль әкеле алады Фото: 5koleso

Бүгінгі таңда ҚР аумағына кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 3442 электромобиль әкелінді. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін осылай тағы 11558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген болатын. ЕЭК шешіміне сәйкес 2023 жылы электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге берілген рұқсат 15 мың электромобиль бірлігін құрайды.

Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатқанын атап өту маңызды.

Алайда, жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу