Жыл соңына дейін көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құрылады

131

Елде авиациялық оқиғаларды тергеу көрсеткіші төменгі деңгейде.  

Жыл соңына дейін көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құрылады Фото: Үкімет

Қазақстанда Көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті Олжас Абайұлы, Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін арнайы отырыста берген тапсырмаңызға сәйкес, Авиациялық әкімшілік әуе кәсіпорындарын тексеруді жүргізіп жатыр. Ұшу қауіпсіздігін бақылау бойынша толық ақпаратты Авиациялық әкімшіліктің басшысы Каталин Раду баяндайды. Авиациялық оқиғаларды тергеу мәселесіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда – 51%", - деді Талғат Ластаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ИКАО қауіпсіздік бағалауы үшін маңызды 8 критикалық көрсеткіштің бірі болып саналатын бұл параметр ең төменгі деңгейде қалып отыр. 

"Осыған байланысты, ахуалды жақсарту мақсатында, жыл соңына дейін жоғары білікті мамандарды тарта отырып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген Көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарланып отыр", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу