Жыл соңына дейін көше саудагерлерінің бәрі бірыңғай форма киеді

884

Жыл соңына дейін көше саудагерлерінің бәрі бірыңғай форма киеді

Астана кәсіпкерлері бірыңғай формаға қатысты бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл туралы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабева айтты, деп хабарлайды медиа орталық.

Бірыңғай форма бірқатар артықшылықтарға ие.

"Біріншіден, бірыңғай форма тез танылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары сол формаға қарап, заңды түрде жұмыс істейтін саудагерлерді ажырата алады", - деді Рысгүл Қауғабаева.

Жазда "Көше саудасына 1000 орын" бағдарламасы шеңберінде қызғылт-сары түсті жаңа форманы алғаш болып жүзге жуық кәсіпкер иеленген болатын. Енді жаңа әмбебап форманы басқа да көше саудагерлері кие бастайды.

"Бірыңғай формаға көшу тәжірибесі сәтті болды. Енді жыл соңына дейін елорда көшелерінде саудамен айналысатан кәсіпкерлердің барлығына енгізуді көздеп отырмыз", - деді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі күні арнайы киімнің дизайны, түсі мен жиынтығы елорда кәсіпкерлерімен келістіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу