Жыл соңына дейін мемлекетке 180 миллиард теңге қайтару жоспарланған

417

Негізгі заң бойынша бұл активтерді қудалау.

Жыл соңына дейін мемлекетке 180 миллиард теңге қайтару жоспарланған Фото: almaty-cgkb.kz

Жыл соңына дейін 180 миллиард теңгенің заңсыз иемденілген активтерін мемлекетке қайтару жоспарланған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов мәлімдеді. 

Сондай-ақ, Баспрокуратураның арнайы құрылған комитеті өкілі мемлекет мүлкін талан-таражға салғандардың реестрін жасақтап жатқанын жеткізді. Қара тізімге мемлекеттік қызметте болғандармен қатар лауазымды тұлғалармен байланысы барлар да ілінуі мүмкін. Олардың ішінде шетел азаматтары да кіреді.

"Негізгі заң бойынша бұл активтерді қудалау. Тұлғаны емес. Яғни, мүмкін ол шетелдік болуы мүмкін. Бірақ бізге ең бастысы ол активті анықтау. Заңды ма? Заңсызба? Яғни, біз активті қудалаймыз. Ол азаматтық конфискация дейді", – деді ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің маманы Айнұр Ибраева.  

Қайтарылған заттай активтер Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жанынан құрылған компанияға тапсырылады. Мекеме оны қаражатқа айналдырып, арнайы ашылған шотқа аударуға міндетті. Ал бұл шоттың қызметіне қосымша шығын қажет емес,  деп сендірді Әділет вице-министрі.

"Біздің қоғамда фонд десе әдейі түрде оны әкімшілендіру органы бар, ол бойынша шотты ұстауға қосымша қаражат талап етеді деген сұрақтар туындауы мүмкін. Ондай сұрақтар туындауына негіз жоқ. Өйткені, ол тек қана қазынашылықтағы шот. Оған кірістер ақша түрінде аударылатын болады", – дейді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу