Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80%-ы eGov Mobile-да қолжетімді болады

606

ЕGov mobile мобильдік қосымшасы 2019 жылы іске қосылған.

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80%-ы eGov Mobile-да қолжетімді болады Фото: Диапазон

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80%-ы eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспары бар. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда смартфонсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. EGov Mobile пайда болғалы азаматтар үйде отырып-ақ, кез келген қажетті анықтаманы алуға мүмкіндік алды. Өз деректеріне қол жеткізу үшін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін азаматтарға смартфондарын пайдалану ыңғайлы екенін түсіне отырып, біз Цифрлық даму министрлігімен бірге eGov Mobile мобильді қосымшасын дамытуға басымдық бердік. Осы жылдың наурыз айында қосымшаның интерфейсі жаңартылды. Сондай-ақ пайдаланушыларға қолайлы болу үшін Интернетке қосылмай-ақ, цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі жеңілдетілді" - деді ол. 

Мобильді қосымшаның көмегімен ай сайын орта есеппен 1,2 млн мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биыл eGov Mobile арқылы 11 млн астам қызмет көрсетілген болатын.

Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бүгінде мобильді қосымшада 641 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Атап айтқанда, 167-сі eGov.kz порталында көрсетілетін қызметтер, e-license порталындағы жеке тұлғаларға арналған 474 қызмет түрлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу