Жыл соңына дейін өңірлерге отандық 1381 арба жеткізіледі

688

Қазақстанның бірқатар өңірінде мүгедектігі бар адамдарға электр жетегі бар кресло-арбалар беріле бастады.

Жыл соңына дейін өңірлерге отандық 1381 арба жеткізіледі

2020 жылдың соңына дейін облыстар және республикалық маңызы бар қалаларда ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 1381 арба жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мүгедектер арбасын өндіруші – "Тыныс" АҚ "Қазақстан Инжиниринг" ҰК еншілес ұйымы. Тауар өндіруде қажеттіліктің 75%-ын қамтиды. Жалпы салмағы – 75 келі, жүру қашықтығы 25 шақырымнан асады, жүк көтерімділігі – 140 келіге дейін.

Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жеткізуші 817 бірлік кресло-арбаны еліміздің 12 облысына (Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан) және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына жөнелткен. 2020 жылдың соңына дейін тағы 564 электр жетегі бар кресло-арбаны жеткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу