"Жолаушылар тасымалы" АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік пайдалануға шығарылған, деп хабарлайды ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі.
Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген:
Нұр-Сұлтан – Арқалық (14),
Нұр-Сұлтан – Семей (8),
Атырау – Маңғыстау (18),
Алматы – Жезқазған (10).
Биылғы жылдың соңына дейін сатып алынатын 50 жаңа жолаушылар вагоны Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы – Маңғыстау бағыттарына беріледі.
Өткен жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ 109 вагонды жаңартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу