Май саласындағы жаңа жобаларды 2021-2023 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Ақпаратқа сәйкес, биыл жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын үш нысан іске қосылады деп күтіліп отыр. Ақмола облысында құны 5 млрд теңге болатын алғашқы май өндірісі осы күзде іске қосылады. Оның қуаттылығы – жылына 180 мың тонна.
Екінші жоба жыл аяғында Павлодар облысында жұмыс істеп тұрған кәсіпорында 175 млн теңгеге ашылады. Мұнда жылына 1 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ желтоқсанда Түркістан облысында 1 млрд теңгеге май өндірісін іске қосылмақ. Қуаттылығы – 200 тонна.
Келесі жылы жалпы құны 40,7 млрд теңге болатын тағы да үш нысан іске қосылады. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында екі өндіріс 40 млрд теңгеден астам қаржыға іске қосылады. Бірінші нысан 12,3 млрд теңге, қуаттылығы – 50 мың тонна. Екінші жоба 28 млрд теңге, үшінші өндіріс Ақтөбе облысында іске қосылады. Инвестиция – 400 млн теңге, қуаттылығы – 36 мың тонна.
Май саласында 2023 жылы да үш жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 370 мың тонна болатын 15 млрд теңгенің өндірісі ашылады. Павлодар облысында 50 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. Жобаның құны 2,6 млрд теңге. Ал ШҚО-да зауыт 150 млн теңгеге іске қосылады. Қуаттылығы – 5 мың тонна.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, ШҚО-да 7,5 млрд теңгеге май өндірісі іске қосылған. Оның қуаттылығы – жылына 140 мың тонна.