Жыл соңында АҚШ экономикасының көрсеткіші төмендейді

2095

Америкалық Федералды қор жүйесі осылай болады деп топшылап отыр. 

Жыл соңында АҚШ экономикасының көрсеткіші төмендейді

Агенттіктің болжамы бойынша, Құрама Штаттардың ЖІӨ-нің өсімі 2019 жылдың төртінші тоқсанында баяулап, бұл тенденция ұзаққа созылуы мүмкін. 

Далластың федералды қор банкінің президенті Роберт Капланның айтуынша, ел экономикасы өсімінің соңғы айларда төмендеуіне компания қоймаларындағы тауар қорының қысқаруы түрткі. Өйткені америкалық компаниялар соңғы уақытта АҚШ пен әлем экономикасына қатысты "негативті" болжамдардан кейін қор көлемін төмендете бастаған. 
Сондай-ақ, Каплан АҚШ халқының "қартаюы" мен еңбек өнімділігінің баяу өсуі сияқты факторлар ел экономикасының қарқын алуына кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу