Іргеден келген індет барлығын үйге қамады, бірін сұлатып, бірін құлатып, ақыры барлығын тұсаулап тастады. Бірақ соған қарамастан ел ішіндегі кей рекордтар жаңарып, Қазақстанды әлемге паш еткендер де табылды. Бірі ән салды, бірі оскар алды, бірі әлемдік деңгейдегі жоғары марапаттарға ие болса, енді бірі халықаралық байқауларда топ жарды.
Арыдан айтсақ Әміремен Қажымұқан, бертін келе Димашпен Головикиннің ізін қуып келе жатқандар, күрмеуі қиын жылда өз өнерлерімен елдің атын тағы бір шығарды. Оны сіздермен біздер әлеуметтік желілер арқылы көріп те, естіп те жүрміз. Сонымен, қазақтың атын төрткүл дүниеге танытқандарды тағы бір еске алып өткенді жөн санадық.