"Жылап алдыма келді": Салтанаттың ағасы Бишімбаев кездескен әйел жайлы айтты

14400

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында қылмыс жасалған күні Қ.Бишімбаевпен кездескен Г.Насырбекова есімді блогер куәгер ретінде сөз сөйледі. 

"Жылап алдыма келді": Салтанаттың ағасы Бишімбаев кездескен әйел жайлы айтты Фото: видео сркиншот

Алайда куәгер сол күні нақты не үшін Бишімбаевпен кездескенін түсіндіре алмады. Айтбек Амангелді сот отырысынан кейін Насырбековамен жеке тілдескенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ол куәгерлік еткен сот процесі аяқталғаннан кейін мен залдан шыға бергенде күтпеген жерден алдыма келді. Дәлізде камера болған жоқ. Еңіреп жылай бастады! Ал мен жылап жатқан әйелдерді көре алмаймын. Шынымды айтсам, менде бұл инстинкт деңгейінде…

Алдыма жылап келген ол бір кезде бірдеңелерді түсіндіріп, мені құшақтай бастады! Мен жылап жатқан әйелге агрессивті түрде жауап бере алмаймын. Шынымды айтсам, мен оны мүлде түсінбедім, ол сандырақтап жатқандай көрінді. Кейін оның айтқанын ой елегінен өткізгенде оның айтқанының барлығы өтірік екенін түсіндім", - деп еске алды Салтанаттың ағасы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу