"Жылатып қойдым": Журналист Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты

3629

Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. 

"Жылатып қойдым": Журналист Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Париж Олимпиадасы кезінде Назым Қызайбайға қатысты оқиғаны ашып айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Назымды мен жылатып қойдым. Сол кезде қатты сынға алды. "Аслан, неге жылатасың, ол біздің батыр қызымыз ғой" деді. Кейін Назыммен сөйлестім, ол маған рахмет айтты. "Жеңілдеп қалдым" деді. Неге екенін білмеймін, миымда Назым алтын алатын сияқты болып тұрды. Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. Назым да жеңілгеніне ашуланып тұр. "Назым, осы қолаға қанағаттанып тұрсың ба, әлде "әттеген-айың" бар ма" деп сұраймын. Негізі дұрыс емес сұрақ қой. Ішімнен мен қанағаттанбай тұрмын. Ол да толқып, орамалына көз жасын сүртіп, жылап қалады. Кейін медаль таққаннан кейін кездестік. "Назым, бізге ренжіп жатыр" деп айтып түсіндірдім. Ол да түсініп тұр. Қыздар боксында Назым ғана медаль алып тұр. Батыр қыз ғой нағыз", - деді Аслан Қаженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу