1 қаңтар күні Лондон қаласының орталығында жаңа жылдық шеру өткізілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаппай мерекелік шараға 8 мыңнан астам орындаушы қатысты және олардың арасында әншілер, би ұжымдары, акробаттар мен музыканттар бар.
500 мыңнан асатын көрермен 3,2 шақырымдық жол бойында сап түзеген. Сондай-ақ, шеру тікелей эфирде көрсетілді.
Айта кетейік, Лондондағы Жаңа жылдық шеру 1987 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Тек 2021 жылы ғана COVID-19 пандемиясына байланысты Британ астанасының көшелерінде осындай шеру өткен жоқ.