Жылдам алимент төлемегендер түрмеге қамалды

725

Қостанай қаласында жылдап алимент төлеуден жалтарып жүргендер темір торға қамалуда. Соңғы 5 айда 3 ер кісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың балалары алдындағы берешегі 6 млн 800 мың теңгеден асады, деп хабарлайды  Atameken Business.

Жылдам алимент төлемегендер түрмеге қамалды

3 баланың әкесі 5 жыл бойы алимент төлемей келген. Қарызы 3 млн 800 мың теңге. Құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғағаннан кейін, әкелік міндетін орындай бастапты.

Жалпы облыс орталығында жыл басынан бері 18 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соның 11-і 170 мың теңгеден айыппұл төлесе, 7-еуі 7 тәулікке қамауға алынды. Ал қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар жазадан құтылып кетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу